Бөлімге өту
Дайын бейнеге әсерлерді қосу • Бейне мұқабасын қосу • Шимай жазбаны сақтау • Жазбаны жою • Жойылған TikTok-тарды қалай қалпына келтіруге болады
Дайын бейнеге әсерлерді қосу
Бейнені жазған немесе жүктеп салған соң, эффектілер қосуға, мәтінді өңдеуге және стикерлер немесе эмодзилар қосуға болады. Өңдеу опцияларының мүмкіндіктерін толығырақ пайдалану үшін, TikTok бейнелері үшін жетілдірілген өңдеу туралы толығырақ біліңіз.
Бейнені жазған немесе жүктеп салған соң, мәтін қосу үшін:
1. Бүйірлік панельде орналасқан «Мәтін» түймесін түртіңіз.
2. Қалаған мәтініңізді ұсынып, мәтінді бейнеңіздегі қалаған жерге сүйреп апарыңыз. Өңдеулерді сақтау үшін жоғарғы жақтағы «Дайын» түймесін түртіңіз.
3. Мәтініңіз үшін қалаған қаріпті таңдаңыз. Мәтін немесе фон түсін реттеу үшін, жоғарғы жартағы түстер доңғалағын түртіңіз. Сонымен қатар мәтініңізді туралауға және оны белгілеуге болады.
4. Мәтінді бейнеңіздегі қалаған орынға жылжыту үшін мәтінді басып, ұстап тұрыңыз.
5. Үлкейту және кішірейту үшін қажетті клипті түртіңіз. Өлшемді реттеу үшін екі саусақпен мәтінге ішке немесе сыртқа қарай сырғытыңыз. Өңдеулерді сақтау үшін «Дайын» түймесін түртіңіз.
Жазғаннан кейін, стикер немесе эмодзи қосу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Алдын ала көру экранынан, бүйірлік панельден «Стикерлер» түймесін түртіңіз.
2. «Стикерлер» немесе «Эмодзилер» қойындысын таңдаңыз, не болмаса «GIF-анимациялар» іздеңіз.
3. Элементті таңдап, нысанды бейнеңіздегі қалаған орынға жылжыту үшін ұстап тұрып, жылжытыңыз.
Ескертпе: бір бейнеге бірнеше мәтін мен стикер қосуға болады.
Мәтінді немесе стикерлерді жою үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Жойғыңыз келетін мәтінді немесе стикерді басып, ұстап тұрыңыз.
2. «Жою» түймесі пайда болғанша, оны бейненің жоғарғы жағына жылжытыңыз.
3. Мәтінді немесе стикерді таңдалғанша «Жою» түймесіне қарай сүйреп, жіберіңіз.
Бейне мұқабасын қосу
Бейне мұқабасы — профиліңіз немесе іздеу нәтижелері сияқты жерлерле бейнеңізді алдын ала көрсететін мұқаба. Жаңа бейнені жариялау алдында бейне мұқабасын таңдауға болады.
Бейне мұқабасын таңдау үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Жариялау экранындағы бейне мұқабасында «Мұқабаны таңдау» опциясын түртіңіз.
2. Жақтауды бейненің кез келген жеріне сүйреп апарып қойыңыз.
3. Жоғарғы жағындағы «Сақтау» түймесін түртіңіз.
Шимай жазбаны сақтау
Шимай жазбаны сақтау үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Жазып, бейнеңізді өңдеңіз.
2. «Жазба» экранынан «Шимай жазбалар» түймесін түртіңіз.
Шимай жазбалар профиліңіздегі бейнелер қойындысына сақталады. Шимай жазбаларыңыз тек жарияланған кезде, басқаларға көрінетін болады.
Шимай жазбалар мына себептер бойынша жойылуы мүмкін:
1. TikTok қолданбасы құрылғыдан жойылып, сосын құрылғыға қайта орнатылған.
2. Аккаунт басқа құрылғыға көшірілген немесе басқа құрылғыға ауыстырылған.
Шимай жазбаларды түрлі аккаунттар арасында бөлісуге немесе тасымалдауға болмайтынын ескеріңіз.
Жазбаны жою
Жазбаны жойған кезде, ол біржола жойылғанға дейін, жүйемізде 30 күн сақталады.
TikTok бейнесін жою үшін:
1. Жойғыңыз келетін бейнеге өтіңіз.
2. Бейненің бүйіріндегі «Қосымша опциялар» … түймесін түртіңіз.
3. «Жою» опциясын түртіңіз.
Жойылған TikTok жазбаларын қалай қалпына келтіруге болады
Жазбаның жойылғанына 30 күн өтпеген болса, оны соңғы жойылғандар қалтасынан көруге болады. Осы мезрім ішінде жойылған жазбаны алып, оны TikTok профиліңізге қалпына келтіруіңізге болады.
Жойылған жазбаларды қалпына келтіру үшін:
1. TikTok қолданбасында төменгі оң жақ бұрыштағы «Профиль» опциясын түртіңіз.
2. «Параметрлер және құпиялылық» бөлімін ашу үшін жоғары жақтағы «Мәзір» ☰ опциясын таңдаңыз.
3. Соңғы 30 күнде жойылған жазбаларды көру үшін «Белсенділік орталығы» тармағын таңдап, «Соңғы жойылғандар» түймесін түртіңіз.
4. Қалпына келтіргіңіз келетін жазбаны түртіңіз.
5. Жойылған жазбаны қалпына келтіру үшін «Қалпына келтіру» түймесін түртіңіз. Қалпына келтірілген жазба профильде қайта пайда болады.
Жақында жойылған TikTok жазбасын қалпына келтірген соң, барлық қатысы бар пікірлер мен лайктар да қалпына келтіріледі.
Ескертпе: дуэт немесе біріктіру бейнесін жасасаңыз және түпнұсқа автор бейнені және оның дуэттері мен біріктірулерін жойса, бейнені қалпына келтіре алмайсыз. Алайда, түпнұсқа бейне белсенді болса және сіз дуэт немесе біріктіру бейнелерін жойсаңыз, бейнені қайта қалпына келтіруге болады.