Контентті жүктеп алу

Бөлімге өту


Бейнені жүктеп алу жолы  •  Фотосурет(тер)ді жүктеп алу жолы  •  Жазбаларды құрылғыңызға сақтау жолы  



Жазба авторы басқа пайдаланушыларға өзінің контентін жүктеп алуға рұқсат берсе, TikTok бейнелері мен фотосуреттерін офлайн режимде қарау және бөлісу үшін жүктеп алуға болады. Сондай-ақ басқа пайдаланушылардың жазбаларыңызды жүктеп алу мүмкіндігін басқаруға болады.






Бейнені жүктеп алу жолы


Бейнені жүктеп алу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. TikTok қолданбасында жүктеп алғыңыз келетін бейнені ашыңыз.
2. Бейненің жанындағы «Бөлісу» түймесін түртіңіз.
3. «Бейнені сақтау» опциясын түртіңіз. Бейне сақтау опцияңыз жоқ болса, бұл автордың оған рұқсат етпегенін білдіреді.






Фотосурет(тер)ді жүктеп алу жолы


Фотосурет(тер)ді жүктеп алу үшін:
1. TikTok қолданбасында жүктеп алғыңыз келетін фотожазбаны ашыңыз.
2. «Бөлісу» түймесін түртіңіз.
3. «Фотосуретті сақтау» түймесін түртіңіз. Егер бірнеше фотосурет бар болса, барлық фотосуретті жүктеп алу үшін «Барлығын таңдау» түймесін түртіңіз немесе жүктеп алғыңыз келетіндерін таңдаңыз. Фотосурет сақтау опцияңыз жоқ болса, бұл автордың оған рұқсат етпегенін білдіреді.
4. «Сақтау» түймесін түртіңіз.






Жазбаларды құрылғыңызға сақтау жолы


Контенттің офлайн көшірмелері қолыңызда болуы үшін, жариялау алдында бейнелеріңізді немесе фотосуреттеріңізді жүктеп алғаныңыз жөн.

Бейне немесе фотосурет(тер)ді жарияламас бұрын сақтау үшін:
1. «Жариялау» экранында «Қосымша опциялар» түймесін түртіңіз.
2. «Құрылғыға сақтау» параметрін қосыңыз.

Сондай-ақ бір ғана фотожазбаны немесе бейнежазбаны жүктеп алу үшін өңдеу кезінде бүйірлік панельдегі «Сақтау» түймесін түртуге болады.


Бұл сізге көмектесті ме?