Whee

Бөлімге өту


Whee деген не?  •  Whee қолданбасына кіріспе  •  Whee қолданбасындағы аккаунтыңыз және құпиялық параметрлеріңіз  •  Whee функциялары  •  Ата-аналар мен қамқоршылар үшін 






Whee деген не?


Whee – достарыңызбен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін әлеуметтік желі қолданбасы. Whee қолданбасында жеке хабарламалар арқылы қарым-қатынас орнатуыңызға немесе Whee қолданбасындағы достарыңыз ғана көре алатын лентаға фотосуреттер жариялауыңызға болады.

Whee қолданбасын 16 жасқа толған адамдар ғана пайдалана алады.






Whee қолданбасына кіріспе


TikTok аккаунтыңыз Whee профиліңізбен байланыстырылған, сондықтан әрдайым қолданбаға кіріп тұрасыз және екі қолданба арасында оңай ауыса аласыз. TikTok аккаунтыңыз болмаса, Whee қолданбасы арқылы жаңа аккаунт тіркеуіңізге болады.


Whee қолданбасына тіркелу немесе кіру үшін:
1. Google Play немесе App Store-дан Whee қолданбасын жүктеп алыңыз.
2. Қолданбаны ашыңыз. Осы жерде мына әрекеттерді орындауыңызға болады:
   ༚  TikTok аккаунтын жасаңыз, оны TikTok-қа да, Whee қолданбасына да пайдалана аласыз. Төменгі жақтағы Тіркелу түймесін түртіңіз, содан кейін TikTok аккаунтын жасау қадамдарын орындаңыз.
   ༚  Қолданып жүрген TikTok аккаунтыңызбен кіріңіз.
   ༚  Google немесе Facebook сияқты үшінші тарап платформасы арқылы кіріңіз. Бұл әдісті таңдасаңыз, сізге әлі де TikTok аккаунты қажет болатынын есте сақтаңыз.






Whee қолданбасындағы аккаунтыңыз және құпиялық параметрлеріңіз


Аккаунтыңыздың кейбір параметрі мен құпиялық параметрлері TikTok пен Whee арасында ортақ қолданылады. Кейбір параметрлер Whee қолданбасында басқарылады.

Whee қолданбасында басқаруға болатын аккаунт туралы ақпарат және құпиялық параметрлері:
•  Профиль фотосуреті: Whee профиліңізге арналған фотосуретті жүктеп салыңыз. Профиль фотосуретінің болуы міндетті екенін есіңізге саламыз.
•  Таңдалған ат: Whee профиліңіз үшін атыңызды таңдаңыз. Таңдалған атыңызды міндетті түрде көрсетуіңіз керек. Таңдалған атыңызда қандай да бір арнайы таңба немесе құпия ақпарат болмауы керек.
•  Достар: Whee қолданбасында достарыңызды қосыңыз немесе өшіріңіз. Whee қолданбасындағы достарыңыз сіз TikTok-та жазылған достарыңыздан немесе аккаунттарыңыздан басқа болады.
•  Контактілерге аккаунт ұсыну: Whee аккаунтыңызды контактілеріңізге ұсыныңыз. Әдепкіде бұл параметр 18 жасқа толған адамдар үшін қосылып тұрады. Бұл параметрді кез келген уақытта қосуға немесе өшіруге болады.
•  Қауіпсіз режим: құпия контенті бар немесе қауіпті болуы мүмкін көздерден алынған хаттарға сүзгі қолданыңыз. Бұл параметр әдепкіде қосылып тұрады.

Ескертпе: жоғарыда көрсетілген параметрлерге немесе аккаунт туралы ақпаратқа енгізілген қандай да бір өзгеріс Whee профиліңізге ғана қолданылады.

TikTok пен Whee арасында ортақ пайдаланылатын аккаунт туралы ақпарат және құпиялық параметрлері:
•  Пайдаланушы туралы ақпарат: аккаунтыңыз үшін контакт туралы ақпаратты жаңартыңыз.
•  Құпиясөз: аккаунтыңыз үшін құпиясөзіңізді жаңартыңыз.
•  Аккаунтты өшіру немесе жою: аккаунтыңызды уақытша өшіріңіз немесе біржола жойыңыз. Бұл опцияны таңдасаңыз, TikTok аккаунтыңызды да, Whee профиліңізді де жойып тастаймыз және содан кейін екеуін де пайдалана алмай қаласыз.
•  Контактілерді синхрондау: телефоныңыздағы контактілерді Whee қолданбасымен синхрондаңыз. Бұған дейін контактілеріңізді TikTok-та синхрондасаңыз, контактілеріңіз Whee қолданбасымен бөлісіледі. Бұл параметрді кез келген уақытта қосуға немесе өшіруге болады.
•  Блокталған аккаунттар: өзіңіз блоктаған аккаунттарды басқарыңыз. TikTok-та блокталған аккаунттар Whee қолданбасында да блокталады.






Whee функциялары


Whee қолданбасында мынадай функциялар бар:

Камера
Фотосуреттер түсіріңіз немесе суреттерді Whee қолданбасына жүктеп салыңыз. Сондай-ақ сіз мыналарды жасай аласыз:
•  Сүзгілер қосыңыз.
•  Фотосуретіңіздің құпиялық параметрлерін реттеңіз.
•  Фотосуретті құрылғыңызға сақтаңыз.

Whee қолданбасында жазба жариялау туралы бірер сөз:
•  Егер сіз бірінші рет фотосуретке түсіріп жатсаңыз немесе оны құрылғыңыздан жүктеп салсаңыз, қолданбаға камераңыз бен фотогалереяңызды пайдалануға рұқсат беруіңіз қажет.
•  Қауымдастық ережелеріне қайшы келсе, аккаунтыңызды блоктауымыз немесе жазбаңызды өшіріп тастауымыз мүмкін. Аккаунтыңыздың немесе жазбаңыздың жойылғаны дұрыс болмады деп есептесеңіз, апелляция жіберуіңізге болады.


Хабарламалар
Достарыңызға хабарламалар жіберіңіз немесе олардан хабарламалар алыңыз. Сондай-ақ сіз мыналарды жасай аласыз:
•  Дос болу өтініштерін қабылдау немесе жою.
•  Whee қолданбасына қосуыңызға болатын ұсынылған адамдар (мысалы, TikTok-тағы ортақ достар немесе контактілеріңіздегі адамдар) тізімін көру.
•  Жеке хабарламаңызды біреудің оқыған-оқымағанын тексеру.


Whee хабарламалары туралы мыналарды білген жөн:
•  Whee қолданбасында дос болсаңыздар ғана, адамдармен чат арқылы сөйлесе аласыздар.
•  Сізде де, досыңызда да Whee қолданбасы болса, Whee арқылы TikTok хабарламаларын оқи аласыз. Алайда Whee және TikTok чаттары өзара синхрондалмайды.

Жазбалар Достарыңыздың жазбаларына реакция қалдырыңыз. Сондай-ақ сіз мыналарды жасай аласыз:
•  Жазбаңыз туралы хабарландыруларды көру.
•  Фотосуретіңіздің құпиялық параметрлерін реттеңіз.
•  Профиліңізге кіру.
•  Whee қолданбасында жариялаған фотосуреттерді құрылғыңызға сақтау.






Ата-аналар мен қамқоршылар үшін


Ата-ана немесе қамқоршы болсаңыз, балаңыздың TikTok аккаунтына Отбасылық параметрлер опциясын қолданып, мына әрекеттерді орындай аласыз:
•  Балаңыз Whee қолданбасына кіргенде, хабарландыру алу.
•  Балаңыздың жеке хабарламасы және пікір параметрлерін басқарып, сол параметрлерді Whee профиліне де қолдану.
•  Балаңыздың жеке хабарламасы және пікір параметрлерін Ешкім параметріне қойып, Whee қолданбасына кіруге тыйым сала аласыз.


Бұл сізге көмектесті ме?