Бөлімге өту
TikTok Shop дегеніміз не? • TikTok Shop-та тауарларды қалай сатып алуға болады • TikTok Shop-та қауіпсіз дүкен аралау • TikTok Shop-та қалай қолдау алуға болады
TikTok Shop дегеніміз не?
TikTok Shop-та ленталардағы өнімдерді тікелей қолданба ішінен немесе «Дүкен» қойындысынан қарауға және сатып алуға болады. Сатып алу үшін 18 жастан асқан болуыңыз (немесе жасқа қатысты жергілікті талапқа сай келуіңіз) қажет.
Егер Индонезияда тұратын болсаңыз, мұнда электрондық коммерция қызметі ShopTokopedia деп аталады.
Ескертпе: TikTok Shop опциясы тек TikTok қолданбасында қолжетімді.
TikTok Shop-та тауарларды қалай сатып алуға болады
TikTok Shop-та тауарларды тікелей «Дүкен» қойындысынан, ленталардан («Ұсыныстар», «Жазылымдар», «Достар» және «Тікелей эфир») және іздеу нәтижелерінен сатып алуға болады.
«Дүкен» қойындысынан
1. TikTok қолданбасында «Дүкен» түймесін түртіңіз.
2. Дүкендегі контентті қарап шығыңыз немесе қажетті тауарды іздеңіз.
3. Өнім туралы қосымша мәліметті көру үшін тауарды түртіңіз.
4. Тауарды сатып алу үшін «Қазір сатып алу» түймесін түртіп, кейінгі қадамдарды орындаңыз, ал дүкен аралауды жалғастырғыңыз келсе, «Себетке қосу» түймесін түртіңіз.
Ленталардан
1. TikTok қолданбасында өнімге апаратын сілтемесі бар жазбаға өтіңіз.
2. Автордың лақап атының үстіндегі дүкенге апаратын сілтемені түртіңіз.
3. Тауарды сатып алу үшін «Қазір сатып алу» түймесін түртіп, кейінгі қадамдарды орындаңыз, ал кейінге қалдырып қою үшін «Себетке қосу» түймесін түртіңіз.
Іздеу терезесінен
1. TikTok қолданбасында экранның жоғарғы жағындағы «Іздеу» түймесін түртіңіз.
2. Іздеу жолағына іздеу керек нәрсені енгізіңіз, содан кейін «Іздеу» түймесін түртіңіз.
3. Беттің жоғарғы жағындағы «Дүкен» түймесін түртіңіз.
4. Іздеу нәтижелерін сұрыптау және нақтылау үшін «Сүзгілер» түймесін түртіңіз. Сүзгілерді таңдағаннан кейін «Қолдану» түймесін түртіңіз.
5. Өнім туралы қосымша мәліметті көру үшін тауарды түртіңіз.
6. Тауарды сатып алу үшін «Қазір сатып алу» түймесін түртіп, кейінгі қадамдарды орындаңыз, ал дүкен аралауды жалғастырғыңыз келсе, «Себетке қосу» түймесін түртіңіз.
Кез келген уақытта «Дүкен» қойындысының жоғарғы жағындағы дүкен себетіне өтіп, тапсырысты рәсімдеуге болатынын ескеріңіз.
TikTok Shop-та қауіпсіз дүкен аралау
Біз қауымдастығымыз үшін қауіпсіз әрі қорғалған желілік ортаны қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Дүкен аралауды қауіпсіз ететін ресурстардың қатарына төмендегілер кіреді.
• Тапсырысты қауіпсіз рәсімдеу: біз үзіліссіз әрі қауіпсіз рәсімдеу процедурасын қамтамасыз ету үшін TikTok Shop-тағы транзакцияларды жеңілдететін сенімді үшінші тараптық төлем платформаларымен жұмыс істейміз.
• Қайтару саясаты: тапсырысты алғаннан кейін белгілі бір уақыт кезеңінде оңай қайтару және қаражатты қайтарып алу. Қайтару кезеңі мен қайтару саясаты әр аймақта әртүрлі болуы мүмкін.
• Дүкен ережелері: барлық сатушылар мен өнім тізбелері TikTok Shop сатушысының қызмет көрсету шарттарына, Қызмет көрсету шарттарына және Қауымдастық ережелеріне сай келуі тиіс.
Сатушының қызмет көрсету шарттары (АҚШ) туралы TikTok Shop академиясынан білуге болады. Аймағыңыздағы Қызмет көрсету шарттарын көру үшін басты бетке өтіп, төменгі жақтан аймақты ауыстырыңыз.
TikTok Shop-та қалай қолдау алуға болады
1. TikTok қолданбасында «Дүкен» түймесін түртіңіз.
2. Іздеу жолағының астындағы жерде бетті айналдырып, «Анықтама» түймесін түртіңіз де, TikTok Shop анықтама орталығына өтіңіз. Осы жерде мына әрекеттерді орындауыңызға болады:
༚ Тапсырыстарыңызға қатысты жауаптарды табу.
༚ «Басқа мәселелер» түймесін түртіп, тақырыпты таңдау. Мәселені шешу үшін қадамдарды орындаңыз.
3. Егер ұсынылған жауаптар мәселені шешуге көмектеспесе, бізге жазу үшін төменге қарай айналдырып, «Бізге хабарласыңыз» түймесін түртіңіз.