TikTok аудиториясын өсіру үшін жарнамалау мүмкіндігін пайдалану

Бөлімге өту 


TikTok-тағы жарнамалау деген не?  •  TikTok-тағы жарнамалау мүмкіндігін кім пайдалана алады?  •  Жарнамалау науқанын қалай реттеуге болады  •  Жарнамалау аналитикасын қалай қарауға болады 






TikTok-тағы жарнамалау деген не?


Жарнамалау TikTok жазбаларының көрінуі мен белсенділікті контентті жарнамалау (әдетте жарнама түрінде) арқылы жақсартуға мүмкіндік беретін жарнама құралы болып табылады. Жарнамалау мүмкіндігінің көмегімен науқан туралы мынадай ақпаратты қадағалауға болады:
•  Белсенділік туралы деректер: жазба мен профильді көру, жаңа жазылушылар, лайктар, пікірлер, веб-сайтқа өту әрекеттері және т.б. саны.
•  Аудитория бойынша статистика: жынысы, жасы, аймақтары және т.б.
•  Жазба күйі: жарнамаланған жазба күйі (тексеруді күтуде, белсенді, кідіртілді немесе қабылданбады).
•  Құны: науқанға жұмсалған сома.


«Жарнамалау» туралы мыналарды білген жөн:
•  «Жарнамалау» мүмкіндігін TikTok жарнамалық платформасымен біріктіруге болады. Жарнамалау мүмкіндігі мен TikTok жарнамалық платформасын қалай біріктіруге болатыны туралы толығырақ ақпаратты Бизнес анықтама орталығынан қараңыз.
•  Жарнамалау мүмкіндігі тек TikTok-тағы контентіңіздің көрінуін ғана жақсартады. Аудиториямен қарым-қатынасты нығайтатын контентті қалай жасауға болатыны туралы білу үшін Авторлар академиясы бағдарламамызға кіріңіз.


«Жарнамалау» мүмкіндігі туралы толығырақ ақпаратты Бизнес анықтама орталығынан қараңыз.






TikTok-тағы жарнамалау мүмкіндігін кім пайдалана алады?


Жарнамалау мүмкіндігін пайдалану үшін сіз:
•  Кем дегенде 18 жаста болуыңыз қажет. • Автор болуыңыз немесе бизнес аккаунтыңыз болуы қажет. Мемлекеттік ұйымдардың, саясаткерлердің және саяси партиялардың аккаунттары (GPPPA) жарнамалау мүмкіндігін пайдалана алмайды.
•  Түпнұсқа дыбыс немесе коммерциялық мақсатта пайдалануға болатын дыбыстар пайдаланылатын жария контентті жариялауыңыз қажет. Коммерциялық мақсатта пайдалануға болатын дыбыстарды табу үшін Коммерциялық музыкалар жинағын қараңыз.
•  Жарнамалау мүмкіндігі бойынша қызмет көрсету шарттарымен келісіп, Құпиялық саясатын оқып шыққаныңызды растауыңыз қажет.






Жарнамалау науқанын қалай реттеуге болады


1. TikTok қолданбасында төмендегі опциялардың бірін таңдаңыз:
   ༚  Төменгі жақтағы «Профиль» түймесін түртіңіз, жоғарғы жақтағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз, содан кейін «TikTok Studio» немесе «Бизнеске арналған құралдар» опциясын таңдаңыз. Бизнеске арналған құралдарға қатынасу үшін бизнес аккаунтыңыз болуы қажет екенін ескеріңіз.
   ༚  Жазбадағы «Қосымша опциялар» ... түймесін түртіңіз.
   ༚  Төменгі жақтағы «Жазба қосу +» түймесін, содан кейін «Тікелей эфир» түймесін түртіңіз. Сондай-ақ сіздің тікелей эфиріңіз кезінде төменгі жақтағы «Бөлісу» түймесін бассаңыз болады.
   ༚  Біреудің жазбасындағы немесе тікелей эфиріндегі «Бөлісу» түймесін басыңыз. Бұл опция кейбір жазбалар немесе эфир бейнелері үшін қолжетімді болмауы мүмкін екенін ескеріңіз. Сондай-ақ бұл опция басқа автордың контентін жарнамалауға мүмкіндік береді.
2. «Жарнамалау» түймесін түртіңіз.
3. Жарнамалау мақсатын таңдаңыз. Таңдалған мақсатқа байланысты қосымша қадамдарды орындау қажет болуы мүмкін.
4. Жарнама бумасын немесе реттелетін буманы таңдаңыз. Егер реттелетін жарнама бумасын таңдасаңыз, жарнама мәліметтерін реттеу үшін қадамдарды орындаңыз.
5. «Төлеу» түймесін түртіңіз. Жазбаңыз мақұлданған соң, сізге хабарлаймыз.


Жарнамалау науқанын реттеу туралы мыналарды білген жөн:
•  TikTok-та тек жария контентті жарнамалай аласыз.
•  Жарнамалау науқанының құны жергілікті валютада немесе толтыруға болатын тиындар түрінде көрсетіледі.






Жарнамалау аналитикасын қалай қарауға болады


Жарнамалау науқанын реттеп болған соң, аналитиканы қадағалау үшін жарнамалауды бақылау тақтасын пайдалануға болады. Бұл ақпарат науқан жүріп жатқанда және ол аяқталғанда қолжетімді болады.

1. TikTok қолданбасында экранның төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Жоғарғы жақтағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз, содан кейін «TikTok Studio» немесе «Бизнеске арналған құралдар» опциясын таңдаңыз.
3. «Жарнамалау» түймесін түртіңіз.
4. «Бақылау тақтасы» түймесін түртіңіз.



Бұл сізге көмектесті ме?